Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Ағымдағы жылдың 12-14 ақпан аралығында «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы қызметкерлері үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан өткізілді.
Аталған мекеменің мемлекеттік тілді оқытуға аса көңіл бөлуі мақтауға тұрарлық.  Бұл Акционерлік қоғам басшылығының «Қазақстан – 2050» Стратегиясындағы қойылған мақсаттарға оң көзқарасын айқындайды. Тыңдаушыларды топтарға тиімді бөлу үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау жүйесі ҚАЗТЕСТ арқылы тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен ұйымдастыру шешім қабылдаған.
Тестілеуге 82 қызметкер қатысты. Тестіленушілерге тыңдау арқылы қабылдаған мәтіндерді түсінуге, қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымын күнделікті тұрмыста қолдана білу дәрежесі, оқыған мәтіндерді түсінуге арналған 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады.
Бірінші бөлік – 30 тапсырмадан тұратын «Тыңдалым» бөлігі, көлемі мен күрделілігі әр түрлі диалог пен монологтар жазылған аудиодиск тыңдалды.
Екінші бөлік – қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы, 70 тапсырма.
Үшінші бөлік – «Оқылым», 50 тапсырма. Берілген мәтіндерді оқып, мазмұны бойынша тапсырмаларды орындау.
Тест құрамындағы тапсырмалар «жеңілден күрделіге қарай» ұстанымына негізделіп бес деңгей бойынша құрастырылған: қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары. Ұсынылған төрт жауаптың біреуі шынайы дұрыс жауап болады.
Қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын тестіленушілер үшін алғашқы диалогтер мен мәтіндер ғана түсінікті болды, бұл нәтиже оқытудың қарапайым деңгейіне бағыттайды.
Аталған мекеменің мемлекеттік тілді дамыту және деңгейлік топтарға бөліп оқытуға жауапты мамандардың жоғары кәсіби дәрежесін атап айтқан жөн.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх