Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік тілді меңгеру дейгейін анықтау бойынша диагностиалық тестілеуден өтті
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік тілді меңгеру дейгейін анықтау бойынша диагностиалық тестілеуден өтті
2014 жылдың 14-ақпаны күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік тілді үйренуге және оқуға бағытталған тиімді жұмыстарын ұйымдастыру және мемлекеттік тілді меңгерген деңгейін анықтау мақсатында мемлекеттік тілді меңгеру дейгейін анықтау бойынша диагностикалық тестілеуден өтті. Тестілеуге депутат көмекшілері мен бас сарапшылардан құралған 14 адам қатысты.  
Тестіленушілерге есту арқылы қабылдаған мәтіндерді түсінуге («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық құрылым), оқыған мәтіндерді түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 (2 сағат 30 минут) минутты құрады. Тестілеу нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшілер деңгейлі топтарға бөлініп, аталған мекеме мен ҚАЗТЕСТ жүйесінің мемлекеттік тілді оқытуда жұмыстары сабақтаса түспек.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх