Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы облысы бойынша бюджеттік сала қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Алматы облысы бойынша бюджеттік сала қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында 2014 жылдың 27-31 қаңтар аралығында Алматы облысы Талдықорған қаласының бюджеттік сала қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеу емтиханын тапсырды.
Тестіленушілерге есту арқылы қабылдаған мәтіндерді түсінуге («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық құрылым), оқыған мәтіндерді түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 (2 сағат 30 минут) минутты құрады.
Аталмыш іс-шараны Алматы облысы Талдықорған қаласындағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшылығы мен жауапты қызметкерлері жоғары деңгейде өткізе білді.
Байқау тестілеуіне қатысушылардың жалпы саны 714 адамды құрады.
Тестіленушілердің ҚАЗТЕСТ жүйесі байқау сынағын тапсырудағы сауалнама нәтижесі бойынша 10% қиын деп санаса, 77% орташа, 13% жеңіл деп көрсеткен. Тест тапсырушылардың 9%-н өзге ұлт өкілдері құрады. Олар: 53 – орыс, 4 – татар, 4 – ұйғыр, 1 – неміс, 1 – қырғыз, 1 – украин  ұлт өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, қызмет көрсетуді бағалау қорытындысы бойынша көрсетілген қызметті мемлекеттік қызметшілердің 90%-ы «жақсы» деп бағаласа, 10%-ы көрсетілген қызметке «қанағаттанарлық» деп баға берген.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх