Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Кэмбридж университетінің халықаралық сарапшыларымен кездесу өтті
Кэмбридж университетінің халықаралық сарапшыларымен кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Кэмбридж университетінің халықаралық сарапшылары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ұжымы және Назарбаев университетінің өкілдерімен үшжақты кездесу өтті. Кездесуге Кэмбридж университетінің Білім факультетінің деканы Дэвид Бриджест, халықаралық тәуелсіз кеңесші Питер Мехисто, Кэмбридж университетінің Білім факультетінің ғылыми қызметкері Оленя Фимъяр, Назарбаев университетінен жоба бойынша менеджері Сәдуақасова Меруерт және Ұлттық тестілеу орталығының ұжымы қатысты.
Кездесу барысында Кэмбридж университетімен алдағы ынтымақтастық жолдары талқыланды. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қазақстан Республикасындағы білім беру сапасын бағалау саласына жалпы сипаттама берді.
Халықаралық сарапшылардың ерекше қызығушылығын тудырған жоба, ол – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ жүйесі болды. ҚАЗТЕСТ жүйесінің тестілеу технологиясы, қолдану аясы,  жүйе құрылымы бойынша ақпарат берілді. Тіл білімін бағалау халықаралық жүйесімен жүйе үндестігі, еуропалық тілдік референттік талаптарының орындалуы, халықаралық тіл білімін бағалау жүйесі және ҚАЗТЕСТ жүйесінің жалпы және айырықша белгілері жөнінде сұрақтар талқыланды.
Диалог нәтижесінде тараптар білім беру сапасын бағалау саласындағы үш жақты ынтымақтастықта жұмыс атқаруға уағдаласты.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх