Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесінің жетістіктері халықаралық көрмеде көрсетілді
ҚАЗТЕСТ жүйесінің жетістіктері халықаралық көрмеде көрсетілді
2013 жылдың 11-13 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Алматы каласында  «Атакент-Экспо» ұйымы «Білім және мансап – 2013» атты халықаралық көрме ұйымдастырды.
Ұлттық тестілеу орталығы өзінің өзге де жетістіктерімен қатар ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша әзірленген оқу-әдістемелік материалдары мен тест тапсырмалары жинақтарын, көрме құралдары мен ақпараттық таратпаларын көрмеге қатысушылар назарына ұсынды. Үш күнге созылған көрме жұмысында әртүрлі мекемелер өкілдері өз қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау емтихандарын ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде ұйымдастыру, оған дайындық құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірнеше әріптестік келісімдер ұсынды.
Халықаралық ETS (Educational Testing Service – Білім саласындағы тестілеу қызметі, АҚШ, Принстон университеті) ұйымымен көрме барысында ынтымақтастықты жаңа қырынан өрбіту сұрақтары талқыланды. Бұл ұйым ағылшын тілін меңгеру деңейін анықтау емтиханына TOEFL (Test of English as Foreign Language) тест тапсырмалары қорын қалыптастырады және дүние жүзі бойынша тестілеу ұйымдастырады.
Көрмеге отандық оқу орындарымен қатар шетелдік беделді оқу орындарының, оқу орталықтарының, білім саласында қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдері қатысты. Сонымен бірге көрме аясында кітап, оқулық әзірлеу жетістіктері де ұсынылды. Бірнеше баспа үйлері, типография мен полиграфиялық қызмет түрлерін ұсынатын мекемелер өз өнімдерін ұсынды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх