Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу
«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізу қызметіне 2011 жылы 21 маусымда келісім шарт жасады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу ережесіне (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 шілдедегі № 573  Қаулысы) сәйкес үміткерлер мемлекеттік тілді меңгерудің минимальді талаптары бойынша тілді меңгергендігін растауы қажет.
2008 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипедиясына үміткерлердің қазақ  тілін меңгеру деңгейін анықтау ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы іске асырылып келеді. Ағымдағы жылдың 4 шілдесінен бастап 25 шілдесіне дейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 510 үміткер тестілеуден өтті.
Қазақ тілін меңгеру денгейін бағалау сөйлеу әрекетінің (тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым) түрлері бойынша ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009 мемлекеттік стандарттары негізінде жүргізіледі.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх