Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, 24 маусым – 4 шілде 2011ж., Адлер қаласы, Ресей Федерациясы
Ұлттық тестілеу орталығы өз қызметкерлерінің біліктілік дәрежесін көтеру мақсатында әртүрлі дәрежелердегі іс-шараларға (семинарлар, конференциялар, біліктілік көтеру курстары, авторлық курстар, әртүрлі сала бойынша оқыту мектептері және басқа) қатысып отырады. Ағымдағы жылдың 24-маусымында Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігі «Славянск-на-Кубани мемлекеттік педагогикалық институты» Жоғары кәсіби білім беру мемлекеттік білім беру мекемесінің ұйымдастыруымен Адлер қаласында «Теория и практика измерения и мониторинга компетенций и других латентных переменных в образовании» тақырыбында XVI бүкілресейлік (халықаралық өкілдер қатысуымен) конференция және 25-маусым 4-шілде аралығында біліктілікті көтеру курстары бағытында «Измерение компетенций и качества образования» тақырыбында XI жазғы мектеп сабақтарын өткізді.
Аталған іс-шараларға жеке шақырту бойынша Мемлекеттік тілді дамыту басқарамсының жетекшісі Айдос Тұрсынбайұлы Абдыхаликов қатысты.
Халықаралық конференцияда әртүрлі салалар, мақсатты топтар немесе жекелеген тұлғалар үшін латентті қасиеттерді өлшеу тұрғысынан педагогикалық өлшеулер мәселелері сөз болды. Тұлғаның латентті қасиеттері дегеніміз тікелей өлшеуге келемейтін қасиеттері. Мысалы: тұлғаның математикалық білімі, қазақ тілін меңгеру деңгейі және т.б.
Конференция жұмысына білім саласында жүрген Воронеж, Курск, Ставрополь, Орынбор, Томск, Свердловск, Уфа, Алтай өңірлерінен өкілдер қатысты. Негізінен баяндама жасаушылар мен жарыссөзге қатысушылардың тақырыптары, ғылыми жетістіктері мен тәжірибелік пайдаланулары білім сапасын бағалауға арналған өлшеу-бағалау құралдарын қалыптастыру, бағалау үрдістерінің тәжірибелері мен нәтижелері, сапалы тест тапсырмалары қорын қалыптастыру тақырыптарына бағытталды.
Жазғы мектеп сабақтарында латентті қасиеттер мен латентті айнымалыларды өлшеу теориясы бойынша лекциялық және практикалық дәрістер жүргізілді. RUMM2020 (Rasch Unidimensional Measurement Models) компьютер мен пайдаланушы арасындағы сұхбаттық бағдарламалық жүйесімен латентті қасиеттерді өлшеу әдістері бойынша практикалық сабақтары өткізілді. RUMM2020 жүйесі арқылы тест тапсырмаларының сапасын тестілеу нәтижелері арқылы тест тапсырмаларының дистракторларын түзету, жалпы тапсырманың мазмұнын жаңа сапаға көтеру, тест тапсырмасының қиындық деңгейін анықтау, тестіленушінің дайындық дәрежесін анықтау секілді ғылыми негіздемелерге қол жеткізуге болады. Аталған тәжірибе Георг Раш моделі бойынша жүргізіледі. Раш моделінің үш түрі бар: бір, екі және үш параметрлі Раш модельдері. Математикалық статистикалық құралдар арқылы тест құрамындағы әрбір тест тапсырмасының дифференциялдау қасиетін анықтау арқылы тапсырмадан тапсырмаға өту арқылы бүкіл тест сапасын көтеруге қол жеткізуге болады. Шынында әзірленіп отырған тест, тестіленушінің басқа қасиеттері емес, дәл сол білгіміз келіп отырған дағдының тестіленуші бойында қалыптасқандығын анықтауға бағытталғандығын өте үлкен ықтималдық дәрежелермен анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе ҚАЗТЕСТ жүйесі тест тапсырмаларын қалыптастыруда өте қажет құрал болып саналады. Өйткені тест тапсырмасы тестіленушінің тек қана қазақ тілін коммуникативтік құзыреттілік бағытында қандай деңгейде меңгергендігін анықтауға ғана бағытталған болуы керек.
Аталған жазғы мектеп сабақтарын сәтті аяқтағаны үшін А.Абдыхаликов Ресей Федерациясының Мемлекеттік үлгісіндегі біліктілікті көтеру куәлігін алды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх