Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында байқау сынақтары өтті.
«Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ағымдағы жылдың 28 маусымы мен 4 шілдесі аралығында Шығыс Қазақстан облысы Семей және Риддер қалаларында мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер арасында қазақ тілін меңгеру денгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша байқау сынақтарын өткізді. Байқау сынақтарына жалпы 1027 тестіленуші қатысты. Олардың ішінде:
1) 636 тестіленуші Семей қаласында орналасқан «Семей Мемлекеттік медицина университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының қызметкерлері;
2) 123 тестіленуші Семей, Курчатов қалалары бойынша және Бесқарағай, Шаған Бородулиха аудандары кенті бойынша мемлекеттік қызметкерлер;
3) 268 тестіленуші Риддер қаласы бойынша мемлекеттік және азаматтық, құқық қорғау және тағы да басқа сала қызметкерлері.
Қазақ тілін меңгеру денгейін бағалау халықаралық тіл білімін бағалау жүйелеріне сәйкес сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым) бойынша жүргізілді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх