Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ұлттық тестілеу орталығы ETS Global ұйымымен бірлесіп «Тіл меңгеру деңгейін бағалау құралдарын әзірлеу және оларды жетілдіру» тренингін өткізді
«Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ағымдағы жылдың 20-24 маусым аралығында Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қолдауымен Educational Testing Service (Білім саласындағы тестілеу қызметі, АҚШ, Принстон университеті), ETS Global ұйымдарымен бірлесіп «Тіл меңгеру деңгейін бағалау құралдарын әзірлеу және оларды жетілдіру» тақырыбындағы ETS сарапшысы Дэвид И.Баумның (David I. Baum) тренингін ұйымдастырды.
Тренинг Астана қаласы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Оқу-зертханалық ғимаратында өтті.
Тренингтің негізгі мақсаты қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ті жетілдіру, қазақ тілін оқыту, үйрету және тіл меңгеру үдерісінде халықаралық тіл меңгеруді бағалау жүйелерінің тәжірибелерін пайдалану, мемлекеттік тілді дамыту мен бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруда септігін тигізу.
Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін жетілдіру іс-шараларын жалғастырып келеді. ҚАЗТЕСТ жүйесі халықаралық тіл меңгеру жүйелерінің негізгі қағидаттары негізінде жетілдіріліп келеді. Айталық ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалаудың TOEFL (Test of English as Foreign Language), IELTS (International English Language Test System) жүйелері бойынша тіл үйренушінің тілді қаншалықты деңгейде тілдік қатысым құралы ретінде қолдана алу мүмкіндігі бағаланады. Әрине тіл меңгеру деңгейін бағалау сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша іске асырылады: естігенін түсіне білу қабілеті, оқығанын түсінікті қабылдай білу қабілеті, сол тілде жаза білу қабілеті және тілдің құрылымды дұрыс пайдаланып сөйлей білу қабілеті. Міне бұл сөйлеу әркетінің түрлері тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым мен лексика-грамматикалық құрылым деп аталады. ҚАЗТЕСТ жүйесі де осы негізде қазақ тілін меңгеру деңгейін қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары деңгейлер бойынша бағалай алады. Халықаралық жүйелерден айырмашылығы қазақ тілін шет тілі және екінші тіл ретінде бағалау деген екі арнамен дайындалады. Қазіргі елдегі тілдік саясат жағдайында екінші бағытын қолдану жемісін беретіні анық. Болашақта мемлекеттік тілдің бәсекелестікке қабілеттігі арта түскенде, бірінше арнаға ауысу жағдайы орынды болады.
Осы ретте тренинг мазмұны сөйлеу әрекетінің түрлеріне байланысты сапалы тест тапсырмаларын қалыптастырудың негізгі қағидаттарын аша түсті. Әрбір тапсырманың тек белгілі бір тілдік дағдының немесе дағдылардың ғана қалыптасқандығын анықтауға бағытталғандығын зерттеп, ерекшеліктерін түсінуге бағытталды. Тіл меңгерудің деңгейлеріне сай тақырыптар мен тест тапсырмаларының түрлері бойынша ағылшын, испан тілдерін меңгеру деңгейін бағалауға арналған мысалдар негізге алып, талқыланды. Сөйлемнің құрастырылуы көбінесе жалғаулықтардың көмегімен болатын тілдердің ерекшеліктері тапсырмаларды қалыптастыруда да ерекшеленеді. Мысалы ағылшын тілінің грамматикалық ерекшелігіне құралған тапсырмаларды қазақ тілінің грамматикасына тікелей қолдануға болмайды. Сондықтан көпжылдық тәжірибелер мен озық әдістемелердің өзін негіздеп, бөліктер бойынша тапсырмаларға жүйелеуді талап етеді. Тренинг авторы осындай негізгі ерекшеліктерді тыңдаушылар назарына тікелей мысалдар арқылы келтіріп отырды.
Лексикалық және грамматикалық дағдылардың қалыптасқандығын анықтау ҚАЗТЕСТ жүйесінде Лексика-грамматикалық бөлік ретінде тапсырмалар жиынтығы болып беріледі, ал ағылшын тілінің емтихандарында грамматикалық, лексикалық бірліктерді түсінгендігі жаза білу, оқи білу, естігенін түсінгендігін бағалау бөліктерінде тексеріледі. Әрине осындай ерекшеліктер тапсырмаларды әзірлеуде де өз ерекшеліктерін береді. Тіл мамандары ретінде ҚАЗТЕСТ жүйесі тест тапсырмаларының әзірлемешілер мен сарапшылары тренинг авторына пікірталастық сауалдар жолдап, нақтылып отырды. Практикалық сабақтарда қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған өлшеу құралдарын әзірлеу жұмыстарына консультативтік пікірлер әзірленді. Тіл меңгеру деңгейлері сипаттамаларының бірізділігі нақтыланды, тест спцификациясы секілді негізгі нормативті құралдардың құрылымы талқыланды. ETS тәжірибесіндегі озық әдістемелер бойынша көптеген мысалдарға талдау жасау арқылы тіл меңгеру деңгейін анықтаудағы дағдыларды қалыптастырудың негізгі бағыттары талқыланды.
ETS Global ұйымы тренигті сәтті аяқтаған тыңдаушыларға тіл меңгеру деңгейін бағалау құраладарын қалыптастыру бойынша біліктілігін растайтын ETS Global Instiutute сертификаттарын табыстады.
Ұлттық тестілеу орталығы тренинг ұйымдастыру барысында қолдау көрсеткен ETS Global Istiutute ұйымына, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне, Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорына  ришашылығын білдіреді.
ҚАЗТЕСТ жүйесін бұдан әрі дамыту бағытында іс-шаралардың бірі ретінде ағымдағы жылдың 23-қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен ETS Global ұйымының кездесуі ұйымдастырылады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх