Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Жамбыл облысының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Жамбыл облысының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында 2013 жылдың 3-6 сәуір аралығында Жамбыл облысының (Тараз қаласы, Шу, Меркі, Қордай, Мойынқұм аудандары) мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу өткізілді.
Осы іс-шараны өткізуге Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы басшысының ұйымдастыруымен басқарма қызметкерлері және жергілікті мемлекеттік тілді оқыту орталығының жауапты қызметкерлері жоғары деңгейде жүзеге асырды.
Тестілеуге аудан әкімінің аппарат қызметкерлері, аймақ әкімдері, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау мекемелері, банк қызметкерлері және т.б. қатысты. Тестіленушілердің жалпы саны 2390 қызметкерді құрады. Оның ішінде Тараз қаласы бойынша – 1798 адам, Шу ауданы бойынша – 592 адам тестілеуден өтті. Оның ішінде 1653 – мемлекеттік қызметшілер, 113 – мемлекеттік емес ұйым қызметкерлері, 624 – бюджеттік сала қызметкерлері болды.
Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 92%-і үшін тест қиындық туғызбады. Ал 8% қатысушыға қиындық туғызуының себебі: тестіленушінің 4% үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды, оның ішінде – орыс – 2%, татар – 0,1%, кәріс – 0,3%, өзбек – 0,5%, қырғыз – 0,3%, украин – 0,08%, ұйғыр – 0,04%, түрік – 0,16%, дүнген – 0,16%, шешен – 0,16%, қарашай – 0,04%, талыш – 0,04%, болгар – 0,04%. Ал 98% тестілеуден бірінші рет өткен. Сонымен қатар «Тыңдалым» бөлігін тыңдауда, «Оқылым» бөлігін оқып түсінуде аздаған қиындықтар туындады.  
Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай тестілеудің нәтижелілігі мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін әділ түрде тәуелсіз бағалауда, қазақ тілін оқыту курстарында оқытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу қазақ тілін оқыту курсының тыңдаушыларын бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген деңгейлерге дұрыс бөлуге септігін тигізіп, қазақ тілін білу деңгейін тәуелсіз бағалайды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх