Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Жаңа Жылдарыңызбен !
Жаңа Жылдарыңызбен !

Құрметті Әріптестер! 

     Сіздерді келе жатқан жаңа 2014 ақсүйек әрі мәртебелі жылқы жылымен құттықтаймыз!
         Жылқыны әлемде тұңғыш болып қолға үйреткен арғымақ мінезді қазақтың жылқы жылын айрықша қастерлейтіні белгілі. Адамның көңілінің кеңдігі, пейілінің дарқандығы, қасіретке қайыспас, қайғыға берілмес, қайсар қажырлығы осы жылқы мінезді тектіліктің арқасы болар. Жылқының адам бойына күш, рух сыйлайтын ерекше қасиеті болса, ол – намыс, ол – ұлттық сана-сезім. Осы қасиеттер қазақ халқының бойынан қашанда табыла берсін.
     Жаңа жыл еліміз үшін елеулі жетістіктер, толағай табыстар мен жарқын жеңістерге толы болсын! Әлемдік аренада сөзі өтіп, билігі жүретін алпауыт елдердің арасында ойып тұрып орын тепкен, жетекші мемлекеттердің қатарынан көрінсін.
     Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын! Жылқы жылы бар арман-қиялдарыңыз бен тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілейміз! Барлық бастамалардың бағы жанып, тың шығармашылық ойларға, жаңа тәжірибелерге, биік кәсіби жетістіктер мен асқар асуларға жетелесін!
           Жаңа жыл тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!


Құрметпен, ҚАЗТЕСТ ұжымы
2013 жыл, Астана
Ұлттық тестілеу орталығы



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх