Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған лексикалық минимумдар туралы

Қазақ тілін үйренушілерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша лексикалық минимумдар әзірленді. Лексикалық минимум – әртүрлі жағдаяттарға сәйкес минималды сөздер мен сөз тіркестерінің қоры. Лексикалық минимум қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейі бойынша тілдік жағдаяттарға қатысты тіл үйренушілердің сөздер мен сөз тіркестері үлгілерін сұрыптап қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Ағымдағы жылдың 28-31 наурыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығында әзірленген лексикалық минимумдар жобаларының тәуелсіз сараптамасы өткізілді. Сараптаманың негізгі мақсаты – сөздік қордың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін және орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармаларының (баламаларының) қазақша мағынасына сәйкестігін тексеру.

Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелері:

1. Манкеева Жамал Айтқалиқызы – ф.ғ.д., профессор;

2. Атабаева Мереке Сатылғанқызы – ф.ғ.д., профессор;

3. Әбдірәсілов Ербол Құралбайұлы – ф.ғ.д., профессор;

4. Сулькарнаева Әсия Рафаилқызы – ф.ғ.к., доцент;

5. Киманова Ләззат Байдрасылқызы – Ph.D.докторы.

Лексикалық минимумдардың жобалары келесі талаптарға сәйкес жасалынды:

  • Қарапайым деңгей ҚР СТ 1926-2009, базалық деңгей ҚР СТ 1928-2009, орта деңгей ҚР СТ 1929-2009, ортадан жоғары деңгей ҚР СТ 1925-2009, жоғары деңгей ҚР СТ 1927-2009 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына негізделген.
  • Сөздер мен сөз тіркестерінің орысша, ағылшынша аудармалары (баламалары) келтірілген;
  • Бір деңгейден екіншісіне өтуде концентрлік жүйе сақталған (мысалы, қарапайым деңгейдің лексикалық бірліктері базалық деңгейде түгел қолданылып, базалық деңгейге жеткілікті 30% жаңа сөздер қосылады).
  • Ұсынылған лексикалық бірліктер сөз таптары бойынша жүйеленген.
  • Лексикалық бірліктер тақырыптар бойынша жүйеленген.
  • Әрбір деңгейге сәйкес қазақ халқының мәдени тұрмыс-салтынан хабардар ететін танымдық мақал-мәтелдер келтірілген.

Тәуелсіз сараптама қорытындысы бойынша лексикалық минимум жобалары туралы ақпарат:

1) Ұсынылған жоба бойынша барлық деңгейлерді қамтитын сөздер мен сөз тіркестері бірліктерінің саны – 16905.

Деңгейлер бойынша:

  • Қарапайым – 1570,
  • Базалық – 2384,
  • Орта – 2810,
  • Ортадан жоғары – 2310,
  • Жоғары – 5831 сөз бен сөз тіркесін құрады.

Тәуелсіз сараптамадан кейінгі лексикалық бірліктер саны:

  • Қарапайым – 1174,
  • Базалық –1730,
  • Орта – 2100,
  • Ортадан жоғары – 3500,
  • Жоғары – 5831 сөз бен сөз тіркесі.

Лексикалық минимум жобаларының тәуелсіз сараптамасы нәтижесінде тақырыптық жүйе толықтырылды. Әр деңгейге ұсынылған лексикалық минимум соған сәйкес түзіліп, деңгейлерге сай жүйеленді. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх