Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз !
Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз !

Құрметті отандастар, әріптестер, Тілдерді дамыту басқармаларының қызметкерлері, Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары, ҚАЗТЕСТ жұмыс тобының мүшелері!
 
Тарихы тереңде жатқан елдің өз алдына қайта егеменді ел болған күні, асыл да ең қымбат қазынамыз, ертеңгі болашағымыз 16-желтоқсан –Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын! Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.
Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.
Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.
Осы 22 жыл ішінде дамыған елдердің қатарына енуді алдына бағдар етіп алған тәуелсіз Қазақстанның әрбір жылы толысу, кемелдену жылына айналғаны – өмір шындығы. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.
Біз ғасырлар тезінен өткен ұлттық рух пен туған тілімізге, дәстүр-салтымызға қамқорлық жасап, бұдан кейінгі кезеңдерде де олардың өрісін кеңейте беретін боламыз.
Тәуелсіздік тірегінің бірі – тіл. Тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі. Егемендігіміз баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Елбасымыз атап көрсеткендей, біз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Біз бірлесіп жаңа ел орнаттық. Біз тәуелсіздікке талай тауқымет тартып жеттік. Біз оның мәнін терең сезіндік. Ендеше бүгінгі күн – ортақ жеңісіміз.
Олай болса, біздің ортақ қуанышымыз, төл мерекеміз – Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты, азаттық таңы тұғырлы болсын! Ынтымақ пен татулық, бірлік пен бауырмалдық бізбен бірге болсын! Көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!

Құрметпен, ҚАЗТЕСТ ұжымы
2013 жыл, Астана
Ұлттық тестілеу орталығы



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх