Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
В.С. Аванесовтың авторлық курсының өткізілуі туралы

Ағымдағы жылдың 21-25 ақпан аралығында Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы п.ғ.д., профессор В.С. Аванесовтың «Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ке арналған тест тапсырмаларын әзірлеудің теориялық және әдістемелік негіздері» тақырыбындағы авторлық курс өткізді.

Курстың негізгі мақсаты ­­– ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест түріндегі тапсырмаларының әзірлемешілері мен сарапшылары жұмыс тобының жаңа резервін қалыптастыру.­­ Курсқа қатысушылардың саны - 50 адам. Курс бағдарламасы 36 сағатқа бөлінді. Авторлық курста педагогикалық өлшеулердің теориялық негіздері, тест тапсырмаларының формалары, тест түріндегі тапсырмаларды әзірлеуге қойылатын талаптар, тест тапсырмаларының мазмұнын іріктеу ұстанымдары, олардың сапасын анықтаудың статистикалық әдістері және т.б. мәселелер қамтылды. Курстың соңында әр қатысушы қарастырылған формалар бойынша 50 тапсырма және ҚАЗТЕСТ жүйесінің бөліктеріне арналған 50 тапсырма әзірледі.

Авторлық курстың нәтижесінде ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест түріндегі тапсырмаларының әзірлемешілері мен сарапшылары жұмыс тобының жаңа резервіне кандидаттар іріктелді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх