Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілері қазақ тілінен тест тапсырды
Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілері қазақ тілінен тест тапсырды
Павлодар қаласында мемлекеттік қызметшілердің арасында мемлекеттік тілді білу бойынша тестілеу өтті. Емтиханды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізді.  
2013 жылдың басында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында  Павлодар облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы мен «Ана тілі» мемлекеттік тілді оқыту орталығының бастамасымен әртүрлі деңгейдегі әкімдіктердің мемлекеттік қызметшілері арасында мемлекеттік тілді білу бойынша емтихан  өткізілді.  
Ендігі кезеңде емтиханға Павлодар облысы қалалары мен аудандарының қаржы, денсаулық сақтау, индустрия және инновациялық даму басқармалары мен экономика және бюджеттік жоспарлау, қазынашылық бөлімдерінің қызметшілері қатысты.  
Тестілеудің жалпы уақыты 150 минут. Тестіленушілерге тыңдап түсіну («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық бөлік) және оқып түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмалары ұсынылды. Тестіленушілердің жалпы саны 1118 адам.
Тіл комитеті әзірлеген мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын аккредиттеу әдіснамасында тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, ҚАЗТЕСТ жүйесі қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін диагностикалық және қорытынды бақылау түрі ретінде белгіленген.
Диагностикалық тестілеу тыңдаушыларды қазақ тілін оқыту топтарына тиімді әрі нақты бөлуді іске асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы тестілеу арқылы тыңдаушылардың тілдік білімдерінің кемшін тұстары анықталады және соған байланысты оқу жоспарына түзетулер енгізіледі.
Сертификациялық (қорытынды) тестілеу курстың қорытындысы бойынша қалыптасқан тілдік дағдылардың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл емтиханның сәтті тапсырылуы, 2 жылға жарамды қазақ тілін меңгеру деңгейінің куәлігімен расталады.
2014 жылға дейін 3 жыл бойы ҚАЗТЕСТ диагностикалық тестілеу арқылы барлық облыстық орталықтарға қызмет көрсетіп келді.
Ендігі ретте 2014 жылдан бастап тілдік орталық тыңдаушыларының мемлекеттік тілді меңгеру уәждемесін арттыруға екпін беру үшін сертификаттық тестілеу өткізуді бастау керек.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх