Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан әуе компаниялары бортсеріктерінің қазақ тілін меңгеру деңгейі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша бағалануда
Қазақстан әуе компаниялары бортсеріктерінің қазақ тілін меңгеру деңгейі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша бағалануда
Қазақстан Республикасы аумағында қызмет көрсететін 17 әуе компанияның бортсеріктері 2013 жылдың 14 қазанынан бастап ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау тестілеуінен өтіп жатыр.
Бүгінгі таңда 11 әуе команиясы өз қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеру деңгейі бағалап үлгерді. Олардың жалпы саны 219 адамды құрап отыр. Атап айтқанда, «Эйр Астана» АҚ – 33 адам, «Авиакомпания «SCAT» АҚ – 95 адам, ҚР ПІБ ШЖҚ «Бүркіт мемлекеттік авиакомпаниясы РМК» – 11 адам, «BEK AIR» АҚ – 13 адам, «Евро-Азия Эйр» авиакомпаниясы АҚ – 1 адам, «Авиакомпания «ИнвестАвиа» АҚ – 20 адам, «Prime Aviation» АҚ – 12 адам, «Fly Jet. kz» АҚ – 5 адам, «Авиакомпания «Comlux-KZ» АҚ – 4 адам, Авиакомпания «LUK Aero» АҚ – 8 адам, «Казавиақұтқару» АҚ  бойынша 12 адам тестілеуден өтті.
Қалған 6 авиакомпания «Авиакомпания «Жетісу» АҚ, «Авиакомпания «Жезказған-Эйр» АҚ, «KAZ AIR JET» – АҚ, «Jet Airlines» АҚ, «JET ONE» АҚ, «Авиа-Жайнар» АҚ қызметкерлері болашақта тапсырады.
Бағалау тестілеуі жыл аяғына дейін жалғасып, республикамызда қызмет ететін барлық әуе компаниялар бортсеріктерінің қазақ тілін меңгеру деңгейі бағаланады деп жоспарлануда.
Алғашқы кезеңде борт серіктерге қазақ тілін базалық деңгейде білу талабы қойылған.
ҚАЗТЕСТ жүйесі азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың деңгейлік қағидатына негізделген (А1-қарапайым, А2-базалық, В1-орта, В2-ортадан жоғары, С1-жоғары деңгейлер) және деңгейлік талаптар мемлекеттік стандарттармен (ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009) бекітілген.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх