Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдіснамасы мен ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын жетілдіру, республикалық біліктілікті арттыру семинары (23-27 сәуір 2013жыл)
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдіснамасы мен ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын жетілдіру, республикалық біліктілікті арттыру семинары (23-27 сәуір 2013жыл)
Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасында азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ-ті қолданысқа енгізу іс-шараларын кезең-кезеңімен іске асырып келеді. Қазіргі таңда тіл меңгеру деңгейін бағалаудың халықаралық талаптарына сәйкес қазақ тілін меңгерудің бес деңгейі бойынша стандартталған бағалау-өлшеу құралдарының елде қайталанбас мол қоры қалыптастырылып отыр. Бұл тест тапсырмаларының әзірлемешілері мен сарапшылары еліміздің ең мықты, тәжірибелі, білімді деген филолог-ғалымдары.
Екінші кезекте ҚАЗТЕСТ емтиханын сәтті тапсыру үшін жүйе бойынша тест тапсырушы азаматтарға әдістемелік, көмекші құралдар әзірлеу арқылы қолдау көрсетілді.
Нәтижеге бағытталған білім беру қағидаты бойынша әлемде мойындалған тіл үйретудің озық әдістемелері негізінде қазақ тілін оқытудың стандартталған типтік оқу-әдістемелік кешені қалыптастырылды. Осы арқылы Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау мәселесі өз шешімін тапты. Бұған қоса ҚАЗТЕСТ жүйесінің тестілеу өткізу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарты Қазақстан Республикасының Үкіметінде бекітіліп, тестілеу өткізу регламенті қолданысқа енгізілді.  
ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растау емтихандарын тапсыру халықаралық білім және ғылым бағдарламаларына үміткерлер, Назарбаев зияткерлік мектептері қызметкерлері, Назарбаев университетінің студенттері, мемлекеттік қызметкерлердің жоғары лауазымды өкілдері, стратегиялық даму бағыты оң жолға қойылған көшбасшы компаниялар мен фирма қызметкелері үшін міндетті болып отыр.
Тіл білімін әділ әрі нақты бағалай отырып, тілді меңгеру үдерісіне ықпал ету, әрбір азамат үшін қазақ тілін меңгерудің уәждемесіне серпін беруде бағалау құралдарының мақсатқа лайықтылығы мен сапасы алғашқы орынға шығады.  
Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесі тест тапсырмаларын әзірлеп қана қоймай, олардың сапасын да назардан шығармайды. Сол себепті ҚАЗТЕСТ жүйесі әзірлемешілері мен сарапшыларының біліктілігін үнемі арттырып отыруды міндет деп санайды. Осы мақсатта 2013 жылдың 23-26 сәуір аралығында «Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдіснамасын және тіл меңгеру деңгейін бағалау құралдарын жетілдіру» тақырыбында семинар өткізгелі отыр.
Аталмыш семинардың өзектілігі қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың қыр-сырын ұғындыру, оны әрі қарай дамытудың әр алуан жолдарын қарастыру және қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау құралдарын жетілдіру. Бұл әрекеттер теориядан бастау алып, практикалық сабақпен жалғасын табады.
Семинар авторлары осы салада еңбек етіп жүрген, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың әдіс-тәсілдерін толық меңгерген филология ғылымының мамандары.  
Семинарға ҚАЗТЕСТ жүйесінің әзірлемешілері мен сарапшылары, республикадағы тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері қатысады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх