Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұстаздары мен қызметкерлері мемлекеттік тілді білу емтихандарын тапсыруды бастады
Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұстаздары мен қызметкерлері мемлекеттік тілді білу емтихандарын тапсыруды бастады
2013 жылдың 18 қарашасында «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының еліміздің өңірлерінде орналасқан мектептерінің ұстаздар қауымы мен қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған тестілеу емтихандарын бастады. Тестілеу емтихандары азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ арқылы жүргізіледі. Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өтетін тестілеу үдерісі 6 күнге созылады.
Тестілеуге Астана, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларында орналасқан зияткерлік мектептерінің ұжымдары қатысады. Тестілеуге қатысушылардың жоспарлы саны 1476 адамды құрайды.
2010 жылдан бері үрдіске айналған Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі мекемеде мемлекеттік тілді қолданудың аясын арттыруға үлкен септігін тигізеді. Әр жыл сайын тестілеуге қатысушалар алдыңғы жылы тапсырған деңгейінен жоғары деңгейге тапсырыс беріп, сол деңгейде қазақ тілін меңгергендігін дәлелдеп көреді. Жыл сайынғы динамиканы мұқият қарап отыру арқылы тілдің дамуына серпін беріп келеді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх