Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
TOMER орталығы мен Ұлттық тестілеу орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
TOMER орталығы мен Ұлттық тестілеу орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
2013 жылдың 15 қараша күні Астана қаласында Ұлттық тестілеу орталығы мен TÖMER орталығы (Түркия Республикасы, Анкара қаласының Гази университетіндегі Түрік тілін оқыту, зерттеу және тәжірибе орталығы) ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
TÖMER орталығы директорының орынбасары, доктор Незир Темур мырза мен Ұлттық тестілеу орталығының директоры Әбдиев Қали Сейілбекұлы, директор орынбасары Ынтымақов Тұрақты Жұмаділдаұлы, Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының (ҚАЗТЕСТ)жетекшісі Әбдіхалықов Айдос Тұрсынбайұлы екіжақты әрекеттестік мәселелері төңірегінде келіссөздер жүргізді.
Ынтымақтастық меморандумының жобасы екі ай бұрын екіжақты талқыланып, әр тараптың мүдделері сарапталды. Меморандум аясында тіл оқыту, тіл білімін бағалау, тестілеу үдерісін ұйымдастыру мәселелерінде тәжірибе алмасу іс-шаралары бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. TÖMER орталығы тарапы тілді екінші тіл немесе шетел тілі ретінде оқытудың озық әдістемелері, тіл меңгеру деңгейін бағалаудың бағалау-өлшеу құралдарының мазмұны мен оның сапасын арттыру сұрақтарында ҚАЗТЕСТ-ке әдістемелік көмек көрсетуге әзірлігін білдірді. Өз кезегінде Ұлттық тестілеу орталығы түркі тілдес халықтардың тіл ұқсастығына байланысты TÖMER орталығының тәжірибесі ҚАЗТЕСТ-тің ғылыми-әдістемелік дамуында үлкен үлес қосатынын жеткізді.
Меморандумның алғашқы іс-шарасы ретінде үстіміздегі жылдың 12-14 қарашасы күндері қазақ тілін ересек тұрғындар арасында оқыту бойынша, тіл оқыту әдістемелері, тілдік білімді бағалау, бағалау құралдарының ерекшеліктері саласындағы тіл мамандарына, оқытушыларға, әдіскерлерге, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлемешілеріне, сарапшыларына, тестілеу ұйымдастырушыларға және жалпы әр қырынан қызығушы тыңдармандарға қызықты «Тіл меңгеру, оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Үш күндік семинар-тренингті TÖMER орталығыдиректорының орынбасары доктор Незир Темур мырзаның өзі өткізді. Семинар мазмұны бойынша тыңдаушылар арасында жүргізілген тәуелсіз сауалнама нәтижесінде тыңдаушылар семинардың өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылғандығын мәлімдеген.Тыңдаушылар семинардың өз мақсатына жеткенідігін, мазмұнының маңыздылығын, түрік тәжірибесінің қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту мен қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеру деңгейін бағалаудың үдерістерінде ҚАЗТЕСТ-ке қолданудың көп пайдасын тигізетінін бір ауыздан жеткізді. Семинарға қатысушылар Ұлттық тестілеу орталығы мен TÖMER орталығының бірлескен шешімімен біліктілік сертификаттарын иемденді. Семинарға қатысқан Қазақстандағы мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары, ҚАЗТЕСТ сарапшылары үшін Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталған мемлекеттік тілді меңгеру бағытында тіл үйренушілерге қазақ тілін оқыту бойынша дәрежесі жоғары біліктілікті арттыру семинары болды.
Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталған ересек тұрғындардың үлесін арттыру бойынша нысаны индикатордың тетегі ретінде ҚАЗТЕСТ жүйесі анықталған. Мақсатқа лайықтап, ҚАЗТЕСТ сапасын жаңа деңгейге көтеруде өткізілген іс-шара үлкен үлесін қосатыны анық.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх