Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Тіл меңгеру, оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері» тақырыбында үшкүндік семинар-тренинг өтті
«Тіл меңгеру, оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері» тақырыбында үшкүндік семинар-тренинг өтті
Үстіміздегі жылдың 12, 13, 14 қараша күндері Астана қаласында Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен Түркия Республикасы, Анкара қаласының Гази университетіндегі Түрік тілін оқыту, зерттеу және тәжірибе орталығы директорының орынбасары доктор Незир Темур мырзаның семинар-тренингі өтті.
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты қазақ тілін екінші тіл ретінде ересек тұрғындарға оқыту әдістемелерінде, тіл меңгеру деңгейін бағалау үдерістерінде түрік тәжірибесінің озық үлгілерін пайдалануды, қолдануды зерделеу.
Семинар мазмұны Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қоладанудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, қазақ тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін арттыру, тіл меңгеру деңгейін анықтауда ҚАЗТЕСТ-ті пайдалану міндеттерін іске асыруға бағытталған.
Семинар-тренингке еліміздегі мемлекеттік тілді оқытудың барлық өңірлік орталықтарынан қазақ тілін оқыту бойынша әдіскерлер мен оқытушылар, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлемешелері мен сарапшылары, ҚАЗТЕСТ негізінде тестілеу өткізу бойынша менеджерлер, жалпы тіл меңгеру саласында қызығушы магистранттар мен ғылыми ізденіс үстіндегі мамандар қатысты. Үшкүндік семинарқа қатысқандар саны 53 адамды құрады.
Аталған семинар-тренинг Ұлттық тестілеу орталығы мен TÖMER орталығы (Түрік тілін оқыту, зерттеу және тәжірибе орталығы) арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында ұйымдастырылды.
TÖMER орталығы директорының орынбасары, доктор Незир Темур мырза тыңдаушылардың назарына еуропалық тілдік референттілік талаптарынан бастау алған тіл меңгеру үдерістерін, әдістемелері мен тәсілдерінің мазмұнын ашты. Тыңдап түсіну, оқып түсіну, жаза білу мен сөйлей білу қабылеттеріне ықпал етерлік әдістер мен жаттығулардың түр-түріне тоқталып, олардың тиімділік дәрежесін сипаттады, нақты тәжірибедегі қолданысын негіздеп көрсетті. TÖMER орталығындағы үлгі бағдарламалар мен тіл меңгеруге қажетті оқулықтар мен құралдардың мазмұнына тоқталды. Оқу құралдарының мақсатқа лайықтау маңыздылығын кітаптың әр парағынан дәлелді түрде зерттеп көрсетті. Тілді екінші тіл ретінде немесе шетел тіл ретінде оқытудың ерекшеліктерін нақты ғылыми тұрғыда ашып көрсетті. Тілді оқыту барысындағы көңіл бөлуді қажет ететін, әрбір маңызды бөліктерге тыңдаушылар назарын аударды.
Түркі тілдес халықтардың тіл ұқсастығына байланысты көпжылдық тәжірибесі бар TÖMER орталығының тәжірибесі ҚАЗТЕСТ-тің ғылыми-әдістемелік дамуында үлкен үлес қосатыны белгілі. Семинар мазмұны бойынша тыңдаушылар арасында жүргізілген тәуелсіз сауалнама нәтижесінде тыңдаушылар семинардың өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылғандығын мәлімдеген. Тыңдаушылар семинардың өз мақсатына жеткенідігін, мазмұнының маңыздылығын, түрік тәжірибесінің қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту мен қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеру деңгейін бағалаудың үдерістерінде ҚАЗТЕСТ-ке қолданудың көп пайдасын тигізетінін бір ауыздан жеткізді. Семинарға қатысушылар Ұлттық тестілеу орталығы мен TÖMER орталығының бірлескен шешімімен біліктілік сертификаттарын иемденді. Әдіскерлер мен оқытушылар, ҚАЗТЕСТ сарапшылары үшін семинар мазмұны қазақ тілін меңгеруге ынтаны арттыру мен оны үйрену әдістемесінің жаңа тәсілдерін қолдануда жаңа серпіліс беретіні айқын. ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының сапасын арттыруда тіл меңгерудің әр деңгейіне сәйкес тілдік дағдылардың қалыптасу талаптарына сай лайықтау тұрғысында жаңа деңгейге көтеріледі.
Болашақта да TÖMER орталығымен әріптестік, ынтымақтастық ғылыми ізденіс іс-шаралары өз жалғасын таппақ.








Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх