Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
2013 жылдың 21-25 қазан аралығында С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеу емтиханын тапсырды.
Тестіленушілерге есту арқылы қабылдаған мәтіндерді түсінуге («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық құрылым), оқыған мәтіндерді түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады.
Аталған іс-шараны С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бастамасымен Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы (ҚАЗТЕСТ) ұйымдастырды.
Байқау тестілеуіне қатысушылардың жалпы саны 1265 адамды құрады.
Тестіленушілердің ҚАЗТЕСТ жүйесі байқау сынағын тапсырудағы сауалнама нәтижесі бойынша 25%-ға жуығы қиын деп санаса, 63%-ға жуығы орташа, 12%-ы жеңіл деп көрсеткен. Тест тапсырушылардың 11%-ы өзге ұлт өкілдері болып табылады. Олар: 78 – орыс, 16 – татар, 13 – ұйғыр, 1 – неміс, 7 – кәріс, 6 – украин, 1 – болгар, 1 – түрік, 3 – күрді, 2 – грек, 3 – өзбек, 2 – әзірбайжан, 1 – шешен және 4 басқа ұлт өкілдері.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторы болып саналатын мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 2014 жылға қарай 20%-ға, 2017 жылға қарай 80%-ға және 2020 жылға қарай 95%-ға арттыру нәтижесін ҚАЗТЕСТ арқылы анықтау белгіленген.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх