Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
2013 жылғы екінші жарты жылдыққа жоспарланған ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының алғашқы тәуелсіз сараптамасы өткізілді
2013 жылғы екінші жарты жылдыққа жоспарланған ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының алғашқы тәуелсіз сараптамасы өткізілді
Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ті әзірлеу арқылы қазақ тілін меңгеруші азаматтарға әдістемелік көмек көрсете отырып, тілді оқытудың жаңа әдістемелеріне зерделеу жүргізе бастады. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі оның айқын мысалы болып отыр.
Көпшілікке белгілі, ҚАЗТЕСТ жүйесі деңгейлік тіл меңгерудің қағидаттарына негізделген. Бұл ретте ҚАЗТЕСТ жүйесінің қорында қазіргі таңда тіл меңгеру деңгейін бағалауға арналған сөйлеу әрекеттерінің түрлері: тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылымдар, оқылым және жазылым бойынша 100 000 аса тест тапсырмалары қалыптастырылған. Тест тапсырмаларының мазмұны әрбір деңгейдің жағдаяттарына байланысты ұсынылған тақырыптар мен тест тапсырмаларын қалыптастырудың спецификациясы негізінде коммуникативтік қабілеттіліктерді анықтауға бағытталған. Тілді меңгеру деңгейін бағалау құралдарының мақсатқа лайықтылығы мен тест тапсырмаларының сапасы – ҚАЗТЕСТ жүйесінің ең маңызды  факторлары. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 8-11 қазан аралығында ҰТО Мемлекеттік тілді дамыту басқармасында 2013 жылдың      II жартыжылдығына арналған ҚАЗТЕСТ жүйесінің бөліктері бойынша әзірленген 9650 тест түріндегі тапсырмалардың алғашқы тәуелсіз сараптамасы өткізілді.
Аталған жұмыс тобын еліміздегі үздік жоғары оқу орындарында қызмет атқарып жүрген филолология ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, профессорлар, практикалық қазақ тілінің білікті мамандарынан тұратын жалпы саны 22 адам құрады. Сондай-ақ, тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым және жазылым бөліктеріне арналған  тест түріндегі тапсырмалардың әзірлемешілері арасынан ең үздік деп танылған бір-бір әзірлемеші жұмыстың сапасын үйлестіру мақсатында сарапшы ретінде жұмыс тобына қосылды.
Сарапшылар тест тапсырмалары мазмұнының деңгей мен мақсатқа, бекітілген тақырыптарға, әрбір деңгейге сәйкес лексикалық минимумдарға лайықтығын, тест тапсырмаларын қалыптастырудың техникалық ерекшеліктері мен қазақ тілін меңгеру талаптарын анықтайтын Мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін тексерді.
Айта кету керек, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының сапалылығын, мақсатқа лайықтығын уақыт көрсетіп отыр. Қазіргі таңда, ҚАЗТЕСТ жүйесінің сертификаттары бірнеше мекемелер мен белгілі бір іс-шаралар, қызметке орналасу талаптарының бірі болып табылады. Азаматтар үшін қазақ тілін меңгерудің күн санап артып келе жатқан қажеттілігі уақыт талабы, сондықтан тіл меңгеру деңгейін анықтау жүйесі ҚАЗТЕСТ-тің де сол талаптарды қанағаттандыруға дайын болуы негізгі шарт болмақ.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх