Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Тіл меңгеру, оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар-тренинг (12-14 қараша 2013 ж.)
«Тіл меңгеру, оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар-тренинг (12-14 қараша 2013 ж.)
Ұлттық тестілеу орталығы 2013 жылдың 12-14 қараша күндері Түркия Республикасы, Анкара қаласының Гази университетіндегі Түрік тілін оқыту, зерттеу және тәжірибе орталығы директорының орынбасары доктор Незир Темур мырзаның авторлық курстарын ұйымдастырады.
Авторлық курстың болжамды тақырыбы: Тіл меңгеру, оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері.
Курс барысында келесі тақырыптар қамтылады:
– Тіл меңгеру мотиві (уәжі, уәждемесі);
– Тіл меңгеру деңгейлері: халықаралық тәжірибе, олардың ерекшеліктері, жүйелілік, тілдік құзыреттілік талаптары;
– Деңгейлік талаптар, тақырыптар, жағдаяттар;
– Тілді екінші және шетел тілі ретінде оқыту әдістемелері халықаралық тәжірибе, түрік еліндегі озық үлгілер, TÖMER тәжірибелері;
– Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктері;
– Тіл білімін бағалау ерекшеліктері;
– Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша тілдік білімді бағалау құралдары: тест тапсырмалары (ашық, жабық, сәйкесін табу, орнына қою т.б.) эссе, портфолио және т.б.;
– TÖMER тәжірибесі: тіл оқыту, тілдік білімін бағалау.
Курс мазмұны қазақ тілін ересек тұрғындар арасында оқыту бойынша, тіл оқыту әдістемелері, тілдік білімді бағалау, бағалау құралдарының ерекшеліктері саласындағы тіл мамандарына, оқытушыларға, әдіскерлерге, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлемешілеріне, сарапшыларына, тестілеу ұйымдастырушыларға және жалпы әр қырынан қызығушы тыңдармандарға қызықты болатыны анық.

Курсты ұйымдастырушы:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы»

Курс өтетін мекен:
«King Hotel Astana», Астана қаласы, Уалиханов көшесі, 7
Курс өткізу мерзімі: 2013 жыл, 12-14 қараша

Ұйымдастыру бойынша байланыс телефондары:
51-83-10
51-83-06
27-92-19
27-92-18

www.kazakhtest.kz
info@kazakhtest.kz
Twitter: @aidoskaztest

Авторлық курсқа қатысушылар барлық шығындарды өз қаражаты есебінен қарастырады.  



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх