Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының аз ұлттар мәселелері бойынша Жоғарғы комиссарының саяси кеңесшілерімен кездесу өтті
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының аз ұлттар мәселелері бойынша Жоғарғы комиссарының саяси кеңесшілерімен кездесу өтті
2013 жылдың 27 қыркүйегінде Ұлттық тестілеу орталығында Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия аймақтарындағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) аз ұлттар мәселелері бойынша Жоғарғы комиссарының аға саяси кеңесшісі Дженнифер Крофт және заң кеңесшісі Дмитрий Нурумовпен екі жақты кездесу болып өтті.
Кездесу барысында ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссарының кеңесшілері өздерін көпұлтты Қазақстандағы аз ұлттардың құқықтары білім сапасын бағалау үдерістерінде қаншалықты сақталғандықтары қызықтыратынын жеткізді. Ұлттық тестілеу орталығының басшылығы Ұлттық бірыңғай тестілеу мен талапкерлердің кешенді тестілеуінің ұйымдастырылуындағы ерекшеліктермен таныстырды.
Сонымен бірге, Дженнифер Крофт пен Дмитрий Нурумов Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-тің қолданылуы мен оның құрылымы бойынша бірнеше сұрақтар қойды. ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту шараларымен айналысатын Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі Айдос Абдыхаликов ҚАЗТЕСТ жүйесі туралы толық мағлұмат берді.
Қазіргі таңда ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық білім бағдарламасының үміткерлері, «Назарбаев зияткерлік мектептері» мекемелеріндегі қызметтерге үміткерлер, «Назарбаев Университетінің» студенттері, Әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымдарына үміткерлер, жекелеген жоғары оқу орындары мен Әуе компаниялары қызметкерлері міндетті түрде тест тапсыру арылы растайды.  Елдегі өңірлік мемлекеттік тілді оқытудың орталықтары ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша өз курстарынан өткен тіл үйренушілердің тіл меңгеру сапасын да диагностикалық тестілеу арқылы анықтауды үрдіске айналдырған. Қазақстанның барлық облысындағы дерлік мемлекеттік қызметшілер ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынақтарынан өтуде. Бұл шаралар Қазақстан Республикасындағы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарын орындаудағы көрсетілген мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың 2014 жылға қарай 20%-ға, 2017 жылға қарай 80%-ға, ал 2020 жылға қарай 95%-ға арттыру және осы үлестің артуын ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу нәтижесі арқылы анықтап отыру міндетін іске асыру үшін жүргізіліп отыр.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх