Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
22 қыркүйек – Қазақстан халықының тілдері Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
22 қыркүйек – Қазақстан халықының тілдері Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер! 

22 қыркүйек – Қазақстан халықының тілдері Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 
Тіл мерекесі еліміздің ең жарқын мерекелерінің бірі, себебі тіл адамның қарым-қатынас, ойлану құралы, сондықтан ол – адамзаттың интеллектуалдық әлеуетінің қазынасы ретінде халықтың ең құнды байлығы. 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Мемлекеттік тіл – ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы», – деп атап өткендей, Қазақстан өзінің тәуелсіздік туын тіккелі бері, мемлекеттік тілдің елімізде жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. 
Бізге ең алдымен, елдің берекесі, ынтымағы мен бірлігі қажет. Тіл – ел ішіндегі татулықтың, қоғамдағы тұрақтылықтың ең басты құралы екенін ұмытпауға тиіспіз. Мемлекеттік тіл – барша қазақстандықтарды біріктіруші фактор. 
Бүгінгі таңда әлемде 7 мыңдай тіл бар екен. Оның ішінде аударма жасалатын 100 қуатты тіл болса, солардың бірі қазақ тілі. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы тұтастай халқымыз үшін зор бақыт. Сонымен қатар, бізге аса үлкен жауапкершілік те жүктейді. 
Тіліміз үшін жасап жатқан ерен еңбектеріңіз елене берсін! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! Қымбатты әріптестер, мейрамдарыңыз құтты болсын! 

Ізгі тілектермен, 
ҚАЗТЕСТ ұжымы



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх