Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ ұжымы марапатталды
ҚАЗТЕСТ ұжымы марапатталды
2013 жылғы 20 қыркүйек күні К.Бәйсеитова атындағы Ұлттық опера және балет театрында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған бір айлық тілдер фестивалінің жабылу салтанатында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту шараларымен айналысатын Мемлекеттік тілді дамыту басқармасын АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттады. Фестиваль аясында ҚАЗТЕСТ жүйесі мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық әдістемелеріне арналған күні ҚАЗТЕСТ жетістіктерін қазақ тілін оқыту әдістемелері саласындағы ғалымдар мен қазақ тілінің оқытушылары, әдіскерлерінің назарына ұсынды. Инновация күні нәтижеге бағытталған тілдік білім беру қағидатына сүйенетін «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесінің таныстырылымы болды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ең негізгі мақсатты бағыты мемлекеттік тілдің қолдану аясын арттыру бойынша ересек тұрғындарға қазақ тілін оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау іс-шаралары атқарылды. Үздіксіз білім беру моделіне негізделген «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесінің типтік оқу-әдістемелік кешені қалыптастырылды. Кешеннің барлық бөліктері қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болып отыр, өйткені әдістеменің тіл үйрету тәсілдері заманауи талаптарға сәйкес, халықаралық тіл меңгеру тәжірибелеріне негізделген, жүйелі, стандартты бағытты ұстанады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх