Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Ішкі әскер комитетінде қазақ тілінің оқытушылары үшін ҚАЗТЕСТ бойынша таныстырым сабағы өтті
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Ішкі әскер комитетінде қазақ тілінің оқытушылары үшін ҚАЗТЕСТ бойынша таныстырым сабағы өтті
2013 жылдың 20 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдері мерекесі аясында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскер комитетінде қазақ тілінің оқытушылары үшін тіл оқыту курстары тыңдаушыларының коммуникативтік құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ бойынша таныстырым сабағы өтті. Семинарға аталған комитеттің барлық өңірлердегі құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік тілді дамыту бойынша жауапты мамандары, қазақ тілінің оқытушылар мен әдіскерлері қатысты. Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі А.Абдыхаликов семинарға қатысушылармен ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларының мазмұны, тест тапсырмаларының түрлері, тестілеу технологиясы, қолданыс аясы, нәтижеге бағыттап тілді оқыту әдістемесіндегі жаңалықтар тақырыбында сұхбаттасты, тәжірибе алмасты.
Қазақстан Республикасы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің нысаналы индикаторларында көрсетілген мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін арттыру мәселесі сөз болды. Осы үлесті арттырудағы ҚАЗТЕСТ жүйесінің қолданысы мен оған дайындалудың байқау сынақтары туралы ақпараттар мен мәліметтер берілді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх