Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ұлттық тестілеу орталығы мен Назарбаев Университеті ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Ұлттық тестілеу орталығы мен Назарбаев Университеті ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы мен «Назарбаев Университеті» Дербес білім беру ұйымы білім беру және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау аясындағы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Меморандум негізінде енді екі жақтың бірлескен қызметі –  тіл білімін бағалау саласында тәжірибе алмасу, мемлекеттік тілді оқытуға тәжірибе  алмасу, тараптар өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілді оқыту және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау тренингтерін, семинарларын ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау рәсімін ұйымдастыру және өткізуге болмақ.
2013 жылдан бастап Назарбаев университетінің Foundation бағдарламасын тәмамдаған студентттер мен жаңадан 1-курсқа қабылданған студенттердің мемлекеттік тілді білу деңгейі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу арқылы анықталатын болды.
Тестілеу нәтижесінде студенттер бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген топтарға бөлінеді де, олар деңгейлік бағдарлама бойынша қазақ тілін меңгеруді жалғастырады. Қазақ тілі курстары аяқталған соң қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің талаптарына сай ҚАЗТЕСТ-тің деңгейлік тестілеуінен өтетін болады.
Тестілеу сәтті тапсырылған жағдайда деңгейлік сертификаттар беріледі. Аталған іс-шара еліміздегі бірегей университеттің түлектерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін жоғарылатуына серпін береді және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоғары оқу орнын бітірген ересек тұрғындар В2 (Ортадан жоғары) деңгейде қазақ тілін меңгеру қажеттілігін іске асырады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх