Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілін оқытудағы инновация күнін өткізу туралы

подробно.JPG

2013 жылғы 5 қыркүйекте Тілдер күнінің аясында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы мен «Руханият» орталығы бірлесіп, қазақ тілі оқытушыларына арналған семинар өткізді және бұл күн қазақ тілін оқытудағы жаңа технологияларға арналған Инновация күні деп аталды. 
Семинарға балабақшалар, бастауыш мектеп, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қазақ тілі оқытушылары қатысты. 
Білім берудің әртүрлі деңгейінде қазақ тілін оқыту саласындағы баяндамалар мен таныстыру материалдары тыңдалды. Семинарды Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастысы Ербол Тілешов ашты. Өз баяндамасында қазіргі таңдағы қазақ мектептері мен балабақшалардағы қазақ тілін меңгерту жолдары жайлы және бүгінгі іс-шараның мақсатын түсіндірді. Өткізіліп отырған іс-шара қазақ тілінің дамуына үлес қосқан белгілі ағартушы А.Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылғанын атап өтті. Қазіргі таңдағы қазақ тілін оқытудағы жаңа инновациялық оқыту түрлерін балабақшадан, мектепте одан жоғары оқу орындарында үздіксіз жалғастырып отыру керектігіне әдіскерлер мен оқытушылардың ерекше көңіл қою керектігін айтып өтті. 
Семинардың құрметті қонағы Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының директоры Азат Шәуеев болды. Оның баяндамасы «Тілді оқытудағы онлайн-курстың ерекшеліктері» деп аталды. Онлайн-курсы арқылы оқытуды жеңілдетіп, уақытты тиімді пайдалануға болатыныдығын және бүгінгі таңда бұл мәселенің кең көлемде жүзеге асып жатқандығына тоқталды. 
Семинар барысында әзірленген оқулықтар мен басқа да оқу-әдістемелік әдебиетпен, олардың оқу процесінде қолдану құрылымы, мәні мен ерекшеліктерімен таныстыру өткізілді. 
«Тәуелсіздік территориясы» Қоғамдық қордың өкілі Маржан Әдільмажітова қазақ тілін оқытудың жаңа жобасын көрсетті. Жоба бойынша Қорғалжын елді мекені алынып, сол жерге арнайы бағдарламамен эксперименталды топты жеткізіп, 21 күнде сол мекен тұрғындарының әлеуметтік ортасымен танысып, олармен бірге күнделікті тұрмыс-тіршіліктеріне араласып, тілдік қатысымға түсті. Сонымен қатар күнделікті қосымша қазақ тілінің сабақтары бағдарлама бойынша өткізіліп тұрғанын баяндады. Тіл үйренушілердің сауалнама нәтижесінде тілді игерулері оңайға түскендігін ашық жазғандығын айтып өтті. 
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі А. Әбдіхалықов қазақ тілін оқыту уәждемесінің маңыздылығын айтып кетті. Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, стандарттау және мемлекеттік тілді оқытудағы инфрақұрылымды жетілдіру бойынша 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген «Қазақ тілі шетел тілі немесе екінші тіл ретінде» үздіксіз білім беру моделі арқылы Қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешенімен таныстырды. 
«Руханият» орталығы мектепке дейінгі жаста қазақ тілін оқытуға арналған дискті ұсынды. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығы дайындағын «Бейнелі қазақ тілі» балаларға арналған тіл үйренудің мультимедиялық құралымен таныстырып, құралмен жұмыс жасау жолдары көрсетілді. 
«Руханият» орталығының директоры Ж. Турлыбекова аудиторияға өз ойларын бірлесіп іске асыруына, әдістемелік жаңалықтар, мультимедиялық материалдарды белсенді әзірлеу мен бірлесіп шығаруға шақырды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх