Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен!



подробно.jpg

Құрметті  отандастар! 

Сіздерді ұлық мерекеміз – 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы.
Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, әр адам жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығайып, Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Баянды істеріміздің бастауы болған бас құжатымызды ардақтай отыра, мемлекет даму жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, істеріңіз еленіп, жоспарларыңыз іске асып алға қойған мақсаттарыңыз, тілектеріңіз орындалсын! Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілейміз!


Құрметпен, ҚАЗТЕСТ ұжымы
Ұлттық тестілеу орталығы




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх