Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
НАУРЫЗ құтты болсын!
НАУРЫЗ құтты болсын!
Құрметті достар!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!


«Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.
Наурыз, наурыз, күн игі!
Күні игі жердің - түрі игі.
Бауыры жылып науат-қар,
Бабымен ғана жібиді.
Шашылып ырыс шанақтан,
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі.
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де - арманда,
Арманда - оны көрген де.
Келіп ем өмір - орманға,
Наурыз айы келгенде»
деп Мұқағали ақын жырлағандай, НАУРЫЗ мерекесі тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны. Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін! Тілектеріңіз орындала берсін!


ІЗГІ ТІЛЕКТЕРМЕН,
ҚАЗТЕСТ ұжымы.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх