Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Назарбаев Университетінің студенттері қазақ тілінен емтихан тапсырды
Назарбаев Университетінің студенттері қазақ тілінен емтихан тапсырды
2013 жылдық 9 тамыз күні «Назарбаев Университеті» Дербес білім беру ұйымының 1 курс студенттері қазақ тілін білу деңгейін анықтауға арналған емтихан тапсырды. Емтихан тест түрінде ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде өтті. Тестілеуге 528 студент қатысты. Олардың басым бөлігі «Foundation» бағдарламасы бойынша курсты тәмамдағандар, ал қалғандары жаңадан 1 курсқа студент болып қабылданған студенттер. Ағымдағы тестілеу арқылы студенттердің қазақ тілін білу деңгейлерін көпдеңгейлі тіл меңгеру талаптарына сәйкес А1 – қарапайым деңгей, А2 –базалық, В1 – орта, В2 – ортадан жоғары және С1 – жоғары деңгейлер бойынша анықтайды. Оқу жылы басталғанда студенттер қазақ тілін деңгейлер бойынша үйренуді жалғастырады. Деңгейлік курстар аяқталған соң ҚАЗТЕСТ бойынша деңгейлік тест тапсырып, сәтті болған жағдайда деңгейлік сертификат иемденетін болады. Бұл іс-шара өз кезегінде студенттерге мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерулеріне себеп болары анық.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх