Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Халықаралық «Болашақ» бағдарламасына үміткерлер қазақ тілін меңгеру бойынша тестілеу тапсыруда
Халықаралық «Болашақ» бағдарламасына үміткерлер қазақ тілін меңгеру бойынша тестілеу тапсыруда
2008 жылғы 11 маусымдағы ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу ережесі туралы» № 573 қаулысына сәйкес 2008 жылдан бастап шетелдердегі беделді оқу орындарында білім алу мен ғылыми тағылымдамаларға үміткерлер конкурстың екінші турында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырады. Тестілеу Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ негізінде өткізіледі. 2008-2012 жылдар аралығында тестілеуге 9000 аса үміткер қатысты. Үміткерлер үшін қазіргі таңда ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу сөйлеу әрекетінің үш бөлігі бойынша жүргізіліп келеді: тыңдап түсіну, оқып түсіну және тілдің лексика-грамматикалық құрылымдарын күнделікті өмірде қолдана білу деңгейін анықтауға арналған жабық түрдегі тест тапсырмалары. ҚАЗТЕСТ жүйесінде қазақ тілінде жаза білу қабылетін де бағалауға болады, алайда қазақ тілін мектептен бастап оқытылатындығын және үміткерлердің білім дәрежелерінің жоғарылығын ескерсек, жаза білу қабілетін бағалау қажеттілігі шамалы.
2013 жылдың басынан бері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша үміткерлердің 7 легі қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша тест тапсырды. Үміткерлер үшін тестілеу емтиханына дайындалудың оқу-әдістемелік құралдары, жаттығу тестілері әзірленген. Арнайы сайт бетінде онлайн режимінде байқау тестілеуінен өту, байқау сынағына арнайы компьютерлік бағдарлама әзірленіп, көпшілік назарына ұсынылған. Қазақ тілін меңгеруге арналған бес деңгейлік оқулықтар мен қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы әзірленіп, қолданысқа енгізілген. Оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету нәтижесінде алдыңғы жылдармен салыстырғанда үміткерлердің қазақ тілін білу дәрежесі айтарлықтай жоғары болу тенденциясы байқалады. Құралдар халықаралық мойындалған, кең қолданыстағы тиімді әдістемелер тәжірибесін ескеріп, әзірленген және қазіргі таңда қазақ тілін оқытуда үлкен қолданысқа ие болып отыр.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх