Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Жазылым» бөлігінің нормативтік құжаттары біріздендірілді
«Жазылым» бөлігінің нормативтік құжаттары біріздендірілді
Қазіргі кезде қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын ҚАЗТЕСТ сынақтары тестіленушінің тыңдағанды түсіну, лексика-грамматикалық құрылымды күнделікті өмірде қолдана білу, оқыған  материалды ұғу дәрежесін бағалайтын «Тыңдалым», «Лексика-грамматика», «Оқылым» бөліктері бойынша өткізіліп жүр. Аталған бөлік тапсырмалары тест түрінде келсе, «Жазылым» (сөйлеу әрекетінің бір түрі) бөлігінің тапсырмалары тестіленушілерден шығармашылық жұмысты талап етеді. Сондықтан да бұл бөліктің тапсырмаларды нақты, объективті бағалайтын «бағалау критерийі» болуы қажет.
Осы мақсатта ағымдағы жылдың 16-19 шілде аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесін жетілдіру жұмыс тобының мүшелері, филология ғылымдарының білікті мамандары «Жазылым» бөлігінің байқау сынағы нәтижелері мен спецификациясын  негізге ала отырып, бағалау критерийлерін нақты бір жүйеге келтірді. «Жазылым» бөлігі бойынша тапсырмалардың орындалуын бағалау арнайы бланкіде, балл жүйесі арқылы жүргізіледі. Жазба жұмыстары мынадай көрсеткіштер бойынша 50 балдық шкаламен бағаланады және тексеріледі:
1. Жазба жұмыстарының грамматикалық сауаттылығы.
2.  Жауап мазмұнының дәлдігі.
3. Сөздік қорды пайдалану дәрежесі.
4.  Мәтін идеясын түсінуі.
5. Жазбаша тапсырманы орындау кезінде өз бетінше тілді қолдана алу дәрежесі.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх