Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қызметшілері мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден өтті
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қызметшілері мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден өтті
2013 жылдың 18 шілдесі күні Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мемлекеттік қызметшілерінің қазақ тілін білу деңгейін анықтау бойынша тестілеу өткізді.
Тестілеуге ҚР Орталық сайлау комиссиясының 34 қызметшісі қатысты. Мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы анықталды. Тіл меңгеру деңгейін анықтау сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша өткізілді. Ұсынылған 150 тест тапсырмасын орындауға 150 минут (2 сағат 30 минут) берілді. Оның ішінде 30 тест тапсырмасы тыңдалым, 70 тапсырма лексика-грамматика, 50 тапсырма оқылым бөліктеріне тиесілі. Осыған байланысты тыңдап түсіну, оқыған материалды ұғыну және қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымдарын күнделікті өмірде қолдана білу дәрежесі анықталды.
Тапсырмалар дұрыс жауабын таңдау түріндегі үлгіде құрастырылған. Тест тілді жалпы меңгеру бағытында қалыптастырылған, яғни тестілеу нәтижесі бойынша тестілеуге қатысушылардың қазақ тілін қай деңгейге жақын меңгергендігін болжауға болады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх