Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті қызметшілері мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті қызметшілері мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
2013 жылдың 18 шілдесі күні Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті мемлекеттік қызметшілерінің қазақ тілін білу деңгейін анықтау бойынша сынақ өткізді.
Тестілеуге комитеттің 49 қызметшісі қатысты. Тестілеу азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша өткізілді. Тест сөйлеу әрекеттерінің тыңдап түсіну, оқып түсіну мен қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымдарын жалпы күнделікті өмірде қолдану дәрежесін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрды. Әр нұсқада 150 тест тапсырмасы бар. Тест орындауға 150 минут уақыт берілді. Тапсырмалар дұрыс жауабын таңдау түріндегі үлгіде құрастырылған.
Сынақтар Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында өткізіліп отыр. Тестілеу нәтижесі мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергендігін анықтау арқылы қазақ тілін оқыту мен үйрену бағыттарына тиімді жолдарды анықтауға мүмкіндіктер береді, қазақ тілін оқыту мазмұны анықталады және тиімді әдістемелерді қолданудың бағытын көрсетеді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх