Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Тест тапсырмаларының байқау сынақтарынан кейінгі сараптамасы өтті
Тест тапсырмаларының байқау сынақтарынан кейінгі сараптамасы өтті
Ұлттық тестілеу орталығында Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ке арнап әзірленген тест тапсырмаларының екінші сараптамасы өз мәресіне жетті.
    Ұлттық тестілеу орталығы тест тапсырмаларын әзірлемешілерден жинақтап алған соң тәуелсіз сараптамадан өткізеді. Алғашқы сараптамадан өткен тапсырмалардан тіл меңгеру деңгейін анықтауға арналған қазақ тілін меңгерудің бес деңгейі (қарапайым – А1, базалық – А2, орта – В1, ортадан жоғары – В2, жоғары деңгейлер – С1) бойынша нұсқалар қалыптастырылып, олар әртүрлі мақсатты топтарда байқау сынақтарынан өтеді. Байқау сынақтарында тест тапсырмаларының мақсатқа лайықтылығы әр қырынан сараланады. Байқау тестілеуінің нәтижелерін әртүрлі математикалық-статистикалық талдаулар нәтижесінде анықталған сапасы төмен тапсырмалар екінші сараптамаға жөнелтіледі.
    2013 жылдың 16-19 шілде аралығында байқау сынақтарынан кейінгі екінші сараптамадан барлығы 3540 тест тапсырмасы өткізілді, оның ішінде тыңдалым бөлігі бойынша – 1440 тапсырма, лексика-грамматикалық бөліктен – 1450, оқылым бөлігінен 650 тест тапсырмалары қайта тексерілді.
    Екінші сараптамаға ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын қалыптастыру жұмыс тобының тәжірибелі мүшелері жұмылдырылды. Төрт күндік сараптама нәтижесінде барлық тест тапсырмалары ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының ерекшіліктері бойынша талаптарға сәйкес түзетілді.
    2013 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған тест тапсырмалары толық қалыптастырылды. Ендігі ретте осы тапсырмаларға сәйкес аудиоматериалдарды кәсіби студияларда жаздырып, содан соң барлық тапсырмаларды арнайы тест тапсырмаларының қорына енгізу жұмыстары жүргізіледі.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх