Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесі «ХХІ ғасырдың білім мен ғылымы’ 2013» атты халықаралық көрмеге қатысуда
ҚАЗТЕСТ жүйесі «ХХІ ғасырдың білім мен ғылымы’ 2013» атты халықаралық көрмеге қатысуда
2013 жылдың 20 ақпан күні Астана қаласы «КӨРМЕ» көрмелік орталығында үш күнге созылатын «ХХІ ғасырдың білім мен ғылымы' 2013» атты қазақстандық халықаралық көрме өз жұмысын бастады. Халықаралық көрме білім және ғылым саласындағы жаңалықтар мен озық тәжірибелер көрсетілетін тәуелсіз алаң.
Аталған көрмеде Ұлттық тестілеу орталығы да өз қызмет түрлерін көрмеге келушілер назарына ұсынуда. Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ жетістіктері көрмелік экспонат ретінде көрме қонақтарына көрсетілуде. Көрмеде нәтижеге бағытталған білім беру қағидаты бойынша үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде әзірленген қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешеннің таныстырылымы жүргізілуде. Атап айтқанда, қазақ тілін оқытуға арналған бес деңгейлік оқулықтар, қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы, қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама, қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтаудың тестілеу емтиханына дайындалудың бес деңгейлік оқу-әдістелемік құралдары, қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне жеткілікті бес деңгейлік лексикалық минимумдар, тестілеуге арналған компьютерлік бағдарлама, қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар, жаттығу тестілері мен ҚАЗТЕСТ-ті тапсыруға арналған әдістемелік құралдар.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх