Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Министрліктер мен агенттіктердің жауапты хатшылары, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің аппарат жетекшілері, орынбасарлары және басқа да жоғары лауазымды қызметшілер мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша сынақ тапсырды
Министрліктер мен агенттіктердің жауапты хатшылары, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің аппарат жетекшілері, орынбасарлары және басқа да жоғары лауазымды қызметшілер мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша сынақ тапсырды
2013 жылдың 19 ақпан күні Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының барлық министрліктері мен агенттіктерінің жауапты хатшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің, Конституциялық кеңес, Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының, Есеп комитетінің аппарат жетекшілері, олардың орынбасарлары және жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген министрліктердің аппарат басшылары арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша байқау тестілеуін өткізді.
Барлығы сынаққа 41 тестіленуші қатысты. ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде өткізілген тест үш бөліктен тұрады. Тіл меңгеру деңгейін анықтау емтиханы сөйлеуге әрекеттенудің тыңдап түсінгенін, оқып түсінгенін және қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымын күнделікті өмірде пайдалана білу құзыреттілігін бағалауға арналған. Тест нұсқасы барлығы 150 тест тапсырмасынан тұрады.
Тест соңындағы сауалнама бойынша тестіленушілердің 80 пайызға жуығы тапсырмалардың қиындық туғызбағанын мәлімдеген. Бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген ынтасының артқандығын көрсетеді.
ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх