Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Павлодар облысында білім саласы қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау емтиханын тапсырды.
Павлодар облысында білім саласы қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау емтиханын тапсырды.
Ұлттық тестілеу орталығы Павлодар облыстық «Ана тілі» мемлекеттік тілді оқыту орталығымен бірлесіп, Павлодар облыстық Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының қолдауымен Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институты, С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті сияқты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен орта мектеп директорлары арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша байқау сынақтарын өткізді.
Байқау сынақтары сөйлеу әрекетінің негізгі түрлері – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым бөліктері бойынша жүргізілді.
Байқау сынағына 285 қызметкер қатысты.
Тестіленушілердің 42,8%-ын 30-45 жас аралығындағы қызметкерлер, 26,7%-ын 20-30 жас аралығындағы жастар, 30,5%-ын 45-60 жас аралығындағы қызметкерлер құрады. Ұсынылған 150 тест тапсырмасынан ең жоғары нәтиже 130 балл болды. Қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын өзге ұлт өкілдерінің үлесі тестіленушілердің 4,3%-ын құраса, 95,7% тестіленуші ана тілі қазақ тілі болып саналатын қызметкерлер.
Атқарылған бұл іс-шара Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторы ҚАЗТЕСТ тапсырудың нәтижесі бойынша Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 2014 жылға қарай – 20%-ға, 2017 жылға қарай – 80%-ға, 2020 жылға қарай – 95%-ға арттыру мақсатында өткізілуде.
Байқау тестілеуі мемлекеттік тілді үйрену бағыттарын жүйелеуге, оқыту әдістемелерін жетілдіріп, қазақ тілін оқытуды біріздендіруге септігін тигізеді.
ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасында азаматтардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх