Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы қаласының Жетісу, Алатау, Түрксіб, Медеу аудандарының мемлекеттік қызметшілері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Алматы қаласының Жетісу, Алатау, Түрксіб, Медеу аудандарының мемлекеттік қызметшілері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында 2013 жылдың 13-14 ақпан аралығында Алматы қаласының Жетісу, Алатау, Түрксіб, Медеу аудандары әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеу емтиханын тапсырды.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Мемлекеттік қызметке байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатындағы нормативті-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу тапсырмасы аясында ұйымдастырылды және 2013 жылдың 15 қаңтарында Астана қаласында «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілген ауқымды тестілеудің логикалық жалғасы болып саналады.
Тестілеуді бірінші болып өткізуге қызығушылық білдіріп, қолдау көрсеткен Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің бастамасы өз кезегінде сертификат алу үшін емтиханды сәтті тапсырудың алғышарты болып табылады.
Осы іс-шараның маңыздылығын түсініп, тестілеуді лайықты түрде өткізуді Алатау ауданының басшылығы мен әкімшіліктің жауапты қызметкерлері жүзеге асырды.
Бұл кезеңде тестілеуге аудан әкімінің аппарат қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары және қызметкерлері қатысты. Тестіленушілердің жалпы саны 116 қызметкерді құрады. Аудандар бойынша тестіленушілер ішінен Жетісу ауданын атап айтуға болады. Жетісу ауданы бойынша – 34, Түрксіб ауданы бойынша – 31, Медеу ауданы бойынша – 26, Алатау ауданынан – 25 адам тестілеуден өтті.
Тестіленушілерге есту арқылы қабылдаған мәтіндерді түсінуге («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық құрылым), оқыған мәтіндерді түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады.
Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 38% үшін тест жеңіл, 80% қатысушының пікірінше, лексика-грамматикалық бөлік тапсырмалары оншалықты қиын болмаған, тек «Оқылым» бөлігі қиындық туғызған. Сонымен қатар, ауызша сұрау барысында бұл бөліктің мәтіндеріне танымдық қызығушылықтың артқандығын көруге болады.
Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай тестілеудің нәтижелілігі мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін әділ түрде тәуелсіз бағалауда, қазақ тілін оқыту курстарында оқытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу қазақ тілін оқыту курсының тыңдаушыларын бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген деңгейлерге дұрыс бөлуге септігін тигізіп, қазақ тілін білу деңгейін тәуелсіз бағалайды. Белгілі деңгейде оқыту аяқталғаннан кейінгі екінші кезең – мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау. Ол тілді белгілі бір деңгейде меңгергендігін дәлелдейтін ҚАЗТЕСТ сертификатын иемдену.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх