Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Барлық министрліктердегі комитеттер төрағаларының орынбасарлары мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша байқау сынағынан өтті
Барлық министрліктердегі комитеттер төрағаларының орынбасарлары мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша байқау сынағынан өтті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2013 жылдың 14 ақпан күні барлық министрліктердің комитеттерінің төраға орынбасарлары мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша байқау сынағын тапсырды. Байқау сынағына 53 мемлекеттік қызметші қатысты. Тілдік тестілеу емтиханын сөйлеу әрекетінің үш түрі: тыңдап түсіну (тыңдалым), оқып түсіну (оқылым) және қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы бойынша тапсыру ұсынылды. Бір нұысқада 150 тест тапсырмасы бар. Оның ішінде 30 тест тапсырмасы тыңдалым бөлігіне, 70 тапсырма лексика-грамматикалық бөлік және 50 тест тапсырмасы оқылым бөлігіне тиесілі.
Байқау тестілеуі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Мемлекеттік қызметке байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатындағы нормативті құқықтық актілер жобаларын әзірлеу бойынша тапсырмасымен Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ негізінде өткізді.
ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасында азаматтардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх