Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Мемлекеттік қызметшілердің «А» корпусының өкілдері мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша байқау сынағын тапсырды
Мемлекеттік қызметшілердің «А» корпусының өкілдері мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша байқау сынағын тапсырды
2013 жылдың 13 ақпан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіннің бас ғимаратында еліміздің ұлттық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің «А» корпусының өкілдері мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша байқау сынағын тапсыруды бастады. Бірінші болып байқау тестілеуін барлық мемлекеттік органдардағы комитеттердің төрағалары мен төрайымдары тапсырды. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат, міндеттерін іске асыру үшін атқарылып отыр.
Байқау тестілеуі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Мемлекеттік қызметке байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатындағы нормативті құқықтық актілер жобаларын әзірлеу бойынша тапсырмасымен Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ негізінде өткізді.
ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасында азаматтардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх