Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы өтті
ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы өтті
2013 жылдың 17-21 маусым аралығында Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасында ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналып сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым, Лексика-грамматика, Оқылым, Жазылым бөліктері бойынша тест тапсырмаларының бірінші тәуелсіз сараптамасы өткізілді.
Тәуелсіз сараптаманы Ұлттық тестілеу орталығының тапсырысымен еліміздің барлық өңірлерінен практикалық қазақ тілі бағытында ғылыми ізденістері мен мақалалары бар жоғары оқу орындарының филолог ғалымдары өткізді. Сараптаманың нәтижесі бойынша сараптамалық қорытындылар әзірленді. Сараптамалық қорытындылар мен сарапшылардың түзетулері негізінде тест тапсырмаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Сарапшылар тест тапсырмаларының мазмұны бойынша мақсатқа лайықтығын, тест тапсырмаларын қалыптастырудың техникалық ерекшеліктері мен қазақ тілін меңгеру талаптарын анықтайтын Мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін тексерді.
Бірінші сараптамаға ұсынылған тест тапсырмаларының жалпы саны – 6550 тапсырма. Сарапшылар саны – 16 адам.
Тест тапсырмалары қазақ тілін бес деңгейде меңгеруді бағалауға арналған. Әр деңгейге сәйкес лексикалық, грамматикалық тақырыптар ескеріліп, деңгейдің сөздік қорына жүйеленіп қалыптастырылады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх