Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қызметкерлері мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қызметкерлері мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
2013 жылдың 24-25 қаңтар аралығында Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мемлекеттік қызметшілерінің қазақ тілін білу деңгейін анықтау бойынша байқау сынақтарын өткізді.
Байқау сынақтарына агенттіктің 70 қызметшісі қатысты. Байқау тестілеуі азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша өткізілді. Тест сөйлеу әрекеттерінің тыңдап түсіну, оқып түсіну мен қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымдарын жалпы күнделікті өмірде қолдану дәрежесін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады. Әр нұсқада 150 тест тапсырмасы бар. Тест орындауға 150 минут уақыт беріледі. Тапсырмалар дұрыс жауабын таңдау түріндегі үлгіде құрастырылған.
Сынақтар Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында өткізіліп отыр. Байқау сынақтары мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергендігін анықтау арқылы қазақ тілін оқыту мен үйрену бағыттарына тиімді жолдарды анықтауға мүмкіндіктер береді. Тест нәтижелері арқылы қазақ тілін оқыту мазмұны анықталады және тиімді әдістемелерді қолданудың бағытын көрсетеді. Сонымен бірге біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметішілердің атқарып отырған лауазымына байланысты мемлекеттік тілді меңгеруіне негізгі уәжді ынталандырады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх