Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауда ҚАЗТЕСТ жүйесін пайдалану бойынша кездесу өтті
Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауда ҚАЗТЕСТ жүйесін пайдалану бойынша кездесу өтті
2013 жылдың 23 қаңтарында Ұлттық тестілеу орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының Вице-президенті Шамиль Аладдинович Гусейнов және акционерлік қоғамның Ақпараттық қауіпсіздік және тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыздандыру басқармасының бастығы Исатай Өмірзақұлы Сағындықов пен ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу және дамыту жұмыстарымен тікелей айналысатын Мемлекеттік тілді дамыту басқарамасы қызметкерлерінің екі жақты кездесуі өтті. Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы тарапынан басқарма жетекшісі Әбдіхалықов Айдос Тұрсынбайұлы, басқарманың ақпараттық-технологиялық бөлім бастығы Тлемисов Саяжан Салимжанұлы мен бөлімнің инженері Қабылов Сұлтан қатысты.
Кездесуде жаңа талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыру барысында үміткерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде тестілеу ұйымдастыру және тестілеуді компьютерлік бағдарлама арқылы жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізудің компьютерлік бағдарламасының мүмкіндіктері сараланып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлердегі бөлімшелерінде де пайдалану сұрақтары талқыланды.
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізудің компьютерлік бағдарламасы 2011 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігінде № KZ-П-11-0000068 «Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау бойынша интерактивті байқау тестілеуі» бағдарламалық жабдықтауы болып тіркелген, Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу бойынша № 575 Куәлік берілген.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх