Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Висконсин университеті сарапшыларымен әріптестік кездесу өтті
Висконсин университеті сарапшыларымен әріптестік кездесу өтті
2013 жылдың 16 қаңтарында Назарбаев Университетінің Қазақ тілі, әдебиет және мәдениет кафедрасында Америка Құрама Штаттары Висконсин штатының Висконсин-Мэдисон университетінің сарапшылары мен Ұлттық тестілеу орталығының азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ті дамыту сарапшыларының әріптестік кездесуі өтті.
Кездесуге Висконсин-Мэдисон университеті тарапынан университеттің Тілдер институты директорының орынбасары, Орыс тілін оқытудың флагмандық бағдарламасы директорының орынбасары Даяна Мэрфи, Славян тілдері ғылымы мен жазбалары департаментінің профессоры Карэн Еванс-Ромэн, Назарбаев Университеті тарапынан Қазақ тілі, әдебиет және мәдениет кафедрасының меңгерушісі, профессор Құрманбай Гүлтас Сайынқызы, кафедраның профессорлары Күзекова Зейнехан Сейітханқызы, Әлісжанов Сарқыт Қалымұлы мен кафедраның профессор-оқытушылық құрамы және Ұлттық тестілеу орталығы тарапынан ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамытумен тікелей айналысатын Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі Әбдіхалықов Айдос Тұрсынбайұлы, Ақпараттық-технологиялық бөлімінің бастығы Тлемисов Саяжан Сәлімжанұлы қатысты.
Кездесу барысында ҚАЗТЕСТ жүйесінің таныстырылымы ұйымдастырылды, үш жақты пікір алмасулар өтті. Шетелдік әріптестер тарапынан ҚАЗТЕСТ жүйесіне қызығушылықтар білдірілді. Қазақ тілін үйренудегі ҚАЗТЕСТ жүйесінің тигізер көмегі мен тілдік дағдылардың қалыптасуына жүйенің септігі туралы әңгіме қозғалды.
Кездесу соңында әріптестікте жұмыстар атқаруға уәделестіктер беріліп, сарапшылардың әріптестікте байланыс мүмкіндіктері қарастырылды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх