Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан облыстарындағы барлық аудандық, қалалық әкімшіліктер басшылары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша байқау сынақтарынан өтті
Қазақстан облыстарындағы барлық аудандық, қалалық әкімшіліктер басшылары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша байқау сынақтарынан өтті
2013 жылдың 15 қаңтарында Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің басшылығымен ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының барлық аудандық, қалалық әкімшіліктер басшылары арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған байқау сынақтарын өткізді.
Байқау сынақтарына 197 мемлекеттік қызметші қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Байқау тестілеуі қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің талаптары мен халықаралық тіл білімін бағалау талаптарына сәйкес сөйлеу әрекетінің тыңдалым және оқылым түрлері мен қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы бойынша жүргізілді. Тестіленушілерге қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, оның ішінде 30 тест тапсырмасы – тыңдалым бөлігінен, 70 тест тапсырмасы – лексика-грамматикалық бөлік және 50 тест тапсырмасы – оқылым бөлігінен.
ҚАЗТЕСТ тапсырмалары қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009 мемлекеттік стандарттарға сәйкес қалыптастырылады, ал Қазақстан Республикасында азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 қаулысымен бекітілген «Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарты» негізінде жүргізіледі.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх