Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Республикалық қазақ тілін меңгеру бойынша олимпиада өтті
Республикалық қазақ тілін меңгеру бойынша олимпиада өтті
Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «ДАРЫН» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын еліміздегі орта білім беру мекемелерінің 5-10 сыныптарындағы дарынды оқушылар арасында қазақ тілін меңгеру бойынша «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты VI республикалық дистантты олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізді.
Республикалық дистантты олимпиданың алғашқы кезеңі азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша он-лайн режимінде тестілеу арқылы ұйымдастырылды. Алғышқы турда республикамыз бойынша 120 оқушы жүзден жүйрек шығып, екінші кезеңге өтті.
Дистантты олимпиаданың қорытынды кезеңі «ДАРЫН» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Щучье қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтті. Финалдық турға 47 оқушы қатысты. Тестіленушілердің ұлттық құрамы келесідей: орыстар – 32 адам, белорустар – 1, татарлар – 4,  немістер – 3, украиндер – 3, әзірбайджан – 1 адам. Финалдық тур 5, 6, 7 сыныптар үшін бір бөлек, 8, 9, 10 сыныптар үшін бір бөлек ұйымдастырылды. Дарынды оқушылар қазақ тіліндегі тілдік материалдарды тыңдап түсіну, оқып түсіну, жаза білу мен қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымдарын меңгеру деңгейін анықтау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде тестілеу әдісімен өтті.
Әрбір топтан жүлделі бірінші орындар анықталды. Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мақтау грамоталары, сертификаттар мен қазақ тіліндегі көркем туындылармен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған оқушылардың қазақ тілінің мұғалімдері мен әдіскерлері дөңгелек үстел басында бас қосып, қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқытудың әдістемесі мен ерекшеліктері туралы пікір алысты.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх