Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешен әзірлеу өз мәресіне жетті
Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешен әзірлеу өз мәресіне жетті
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы 2011-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау міндетін іске асыру мақсатында үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешен әзірлеуді аяқтады.
Қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен әзірлеу жұмыстары 2011 жылдың шілде айынан басталып 2012 жылдың желтоқсан айына дейін созылды. Типтік оқу-әдістемелік кешенді әзірлеудің негізгі мазмұны – азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау арқылы олардың тіл меңгерудегі жетістіктеріне мақсатқа лайықтап оқытуда халықаралық тіл меңгеру тәжірибелері негізінде әдіснаманы жетілдіру.
«Тіл білімін бағалайтын халықаралық жүйелерге ұқсас қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын жүйе жасалуы керек және оған сәйкес қазақ тілін оқыту әдістемесі қалыптастырылуы керек» деген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын ҚАЗТЕСТ жүйесі құрылды. Осы ретте, 2008 жылғы 11 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметі қолданысқа енгізген «ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту мен енгізу» тұжырымдамасы негізінде әзірленіп, қолданысқа енгізіліп отырған азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ аталған әдіснамаға негізгі тірек болды.
Қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен тіл меңгерудің халықаралық әдістемелеріне, қазақ тілін меңгерудің талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттарға негізделді.
Типтік оқу-әдістемелік кешен келесі бөліктерден тұрады:
- Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар (ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009) – 3000 дана,
- Қазақ тілін оқытуға арналған ортақ типтік бағдарлама – 1000 дана,
- Тақырыптық лексикалық сөздік қор (бес деңгей бойынша: қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары) – 25 000 дана,
- Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы – 4000 дана,
- Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар (бес деңгей бойынша) – 20 000 дана,
- ҚАЗТЕСТ тест тапсырмалары (бес деңгей бойынша) – 30 000 тест тапсырмасы,
- Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау емтиханына дайындық оқу-әдістемелік құралдары (бес деңгей бойынша) – 25 000 дана,
- Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған компьютерлік бағдарлама – 5000 дана DVD дискілері.
Типтік оқу-әдістемелік кешеннің осы аталған бөліктері Ұлттық тестілеу орталығы тарапынан әзірленіп, мемлекеттік тапсырыстың негізінде жеткілікті көлемде баспадан жарыққа шығарылды, мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтары қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік стандарттар мен қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама даналары барлық мемлекеттік органдарға, ұлттық компаниялар мен өзге де мүдделі мекемелерге тегін таратылды. Ендігі жерде қазақ тілін меңгеру талаптары мен оны оқыту көлемі, мазмұны бойынша шешім қабылдауға нормативті құжат ретінде барлық құзырлы мекемелердің де қарамағында бар. Мемлекеттік стандарттар мен қазақ тілін оқытудың ортақ типтік бағдарламасы кез келген мекеме қызметкерлеріне қазақ тілін оқытуда негізгі талаптарды нақтылап, анықтап беруге өз септігін тигізеді.
Қазақ тілін оқытудың талаптары қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес жүйеленді.
Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттарды қолданысқа енгізу арқылы қазақ тілін оқыту әдіснамасы стандартталды.
«Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде бірнеше рет республикалық дәрежеде қазақ тілінің оқытушылары мен әдіскерлеріне арналған біліктілікті арттыру семинарлары мен курстары ұйымдастырылып, оқытушылар мен әдіскерлерге әдістемелік көмек көрсетілді. Қазақ тілінің оқытушылары тілді оқытудың жаңа әдістерін меңгерді, шеберлік сабақтары барысында білімдерін шыңдай түсті.
Әзірленген қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен ересектерге қазақ тілін оқытуды жаңа белеске көтермек, өйткені кешеннің құрылымдық бөліктері мазмұны жағынан халықаралық тіл меңгерудің озық тәжірибелеріне негізделген және заманауи сұранысқа сәйкес келеді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх